Пәкістанның Ұлттық Банкіне қош келдіңіздер!
ПҰБ - 12 миллиард АҚШ долларынан асатын активтері бар Пәкістандағы ең ірі коммерциялық банк болып табылады.

Акционерлері


«Пәкістан Ұлттық банкінің» Қазақстандағы ЕБ АҚ жалғыз акционері Пәкістанның Ұлттық банкі болып табылады (бас кеңсесі Карачи қ., Пәкістан). Пәкістан Ұлттық банкі туралы ақпаратты банктің ресми сайтынан алуға болады(http://www.nbp.com.pk/index.aspx).

Пәкістан Ұлттық Банкі – мемлекет меншігіндегі алдынғы қатарлы және ең ірі коммерциялық банк. ПҰБ активтері 20.2 миллиард АҚШ долларын құрайды, банктің құрамында Пәкістан және дүниежүзі бойынша 1505 бөлімшелер желісі бар.

Банктің Нью-Йорк және Вашингтонда (АҚШ), Парижде (Франция), Франкфуртте (Германия), Франкфуртте (Германия), Токио және Осакада (Жапония), Сеулде (Корея), Гонконгте, Бахрейнде, Кабулда, Джелалабадта, Мазар-Шарифте және Гератта (Ауғанстан), Дакте, Читтагонгте (Бангладеш), Ашхабадта (Түркменстан), Бишкекте (Қырғызстан) и Бакуде (Әзербайжан) бөлімшелері бар. Банктің Чикагода (АҚШ), Торонтода (Канада), Пекинде (Қытай) және Ташкентте (Өзбекстан) өкілдіктері бар және United National Bank-мен (Лондон, Ұлыбритания) Біріккен кәсіпорындары бар.

Жоғарғы халықаралық дәрежеге ие бола отырып және шетелдік бөлімшелерінің кең тізбегі арқасында біздің Банк әлемнің алдыңғы қатарлы банктерімен қарым- қатынас орнатты, сәйкесінше бұл байланыстар қысқа мерзімде және төмен тарифтермен экспорт/импортты аккредитивтер және кепілдіктер, халықаралық аударымдар және т.б. халықаралық банк операцияларын жасауға мүмкіндік береді.

Пәкістан Ұлттық Банкі 25 беделді банктік марапаттарға ие, солардың ішінде "Best Foreign Exchange Bank 2008", "Best Bank in the Emerging Markets", «капиталдан түскен пайда» көрсеткіші бойынша "10-ый Лучший Банк в Мире" және т.б., сонымен қатар, The Banker", "Global Finance" және "Business Week" мойындалған халықаралық қаржы баспаларымен берілетін марапаттар. Пәкістан Ұлттық Банкінің барлық марапаттары мен жетістіктерінің тізімін Пәкістан Мемлекеттік Банктің ресми сайтынан көруге болады
(http://www.nbp.com.pk/AboutUs/Awards.aspx).