Пәкістанның Ұлттық Банкіне қош келдіңіздер!
ПҰБ - 12 миллиард АҚШ долларынан асатын активтері бар Пәкістандағы ең ірі коммерциялық банк болып табылады.

Басшылық

БАНКТІҢ БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІ:
РАФИК Мухаммад– Банктің Басқарма Төрағасы .
1967 жыл Лахор қ. (Punjab, Пәкістан) дүниеге келді. 1990-2004 жж. Лахор қ. Punjabуниверситетінде ағылшын әдебиеті және МВА бойынша магистр дәрежесін алды. Пәкістанның Банк институтында DAIBP&AIBP біліктілігін жетілдірді. 2010жылы CFA Institute USA, бірінші деңгей CFA емтиханын тапсырды және Лондонда Institute of Islamic Banking & InsuranceИслам бэнкингі бойынша диплом алды. Соңғы 23 жылда Пәкістан Ұлттық Банкінде түрлі лауазымдағы қызметтерді атқарды (филиал директоры, HR бойынша бас менеджер, бизнес бойынша бас менеджер және аймақ басшысы). Туындаған күрделі мәселелердің оң шешімін таба білуімен, жұмыс уақытын тиімді пайдаланумен, біліктілігін арттыру белсенділігімен және өз мүмкіндіктерін аша білуімен ерекшеленеді.


ХУССЕЙН Ариф- Басқарма Төрағасының Орынбасары- Басқарма мүшесі










АРТЫКБЕКОВ Талғат
1970 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу а. туған. 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясының тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру факультетін бітірді, 2007 жылы – Банк ісі академиясында «Финансы» мамандығы бойынша толық бакалавр курсын оқыды. 2012 жылы «Тұран» университетінің «Корпоративті менеджмент» мамандығын МВА бағдарламасы бойынша бітірді. 2001 ж. бастап Қазақстандағы «Пәкістан Ұлттық банкі» ЕБ АҚ жұмыс жасайды. 2007-2009 ж.ж. операциялар бойынша менеджер қызметін, 2009-2010 ж.ж. банктің Алматыдағы бөлімшесінде директор қызметін атқарды. 2010 ж. бастап Банктің Бас менеджері және Басқрма мүшесі қызметін атқарады.

ПИРМАГАНБЕТОВА Ақмарал
1966 жылы Қызылорда (Қазақстан) қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Экономиканы басқару факультетін (Алматы қ) экономика мамандығы бойынша бітірді.
1993 – 2010 жж «Сенім-Банк» АҚ (Алматы, Казахстан) жұмыс жасады, 2005-2008 ж.ж. Банктің бас бухгалтері қызметін, 2008-2010 ж.ж. Банктің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2010 ж. бастап Қазақстандағы «Пәкістан Ұлттық банкі» ЕБ АҚ бас бухгалтер және Басқарма мүшесі қызметін атқарады. Қазақстан Бухгалтерлер одағының Мүшесі. «Кәсіби бухгалтер» куәлігінің иегері.

РАФИКОВ Риф Шамилевич – Банктің Басқарма мүшесі (тәуекелдерге жетекшілік етуші)
1985 жылы Ленинград қ. (Санкт-Петербург, Ресей) дүниеге келді. Шет тілдері және қаржы мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. 2016 жылы Кәсіби Қаржы Менеджері (Ұлыбритания, DipPFM) дәрежесін алды. Қазақстанның брокерлік компанияларындағы, банктердегі, қаржы нарығындағы түрлі бағыттағы тәжірибесі 10 жылдан асады. «ОТАН»АЖЗҚ АҚ Қаржы Департаментінің Директоры лауазымын атқарды, сонымен қатар халықаралық компанияларда трейдерлік жұмыс тәжірибесі бар. Қаржы ұйымдарында тәуекелдерді бағалаудамол тәжірибеге ие.





Директорлар кеңесі мүшелері туралы мәліметтер нысаны

» Директорлар кеңесі мүшелері туралы мәліметтер нысаны