Пәкістанның Ұлттық Банкіне қош келдіңіздер!
ПҰБ - 12 миллиард АҚШ долларынан асатын активтері бар Пәкістандағы ең ірі коммерциялық банк болып табылады.
Заңды тұлғаларға/ Кассалық есеп айырысу қызметіЗаңды тұлғаларға кассалық есеп айырысу қызметін көрсету – клиентке (заңды тұлғаны құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға (жеке кәсіпкер) немесе заңды тұлғаға) аударым және кассалық операциялар бойынша көрсетілетін қызмет кешені. Қазақстандағы «Пәкістанның Ұлттық Банкі» ЕБ АҚ-ның (бұдан әрі – «Банк») өз клиенттеріне теңгемен және шетелдік валютамен есеп айырысу саласында көрсететін қызметтерінің тізбесі келесілерді қамтиды:
Ағымдағы банктік шоттарды ашу: Ағымдағы банктік шоттар теңгемен немесе шетел валютасымен ашылуы немесе жүргізілуі мүмкін. Ұлттық және шетелдік валютамен жүргізілетін аударым операциялары: Ақша аударымдары Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында ақша жіберушінің Банкке берген нұсқамасының негізінде, теңгемен жүргізілетін төлем талап-тапсырманың негізінде және шетелдік валютада жүргізілетін аударымға өтініштер негізінде жүргізіледі. Кассалық операциялар Банк қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, қолма-қол валютаны сату/сатып алу, қолма-қол ақшаны айырбастау және алмастыру, банкноттардың түпнұсқалылығын тексеру бойынша қызмет көрсетеді. Валюталық бақылау Валюталық операциялар бойынша халықаралық есеп айырысулар өткізгенде, Банк Қазақстан Республикасының валюта заңдарын басшылыққа ала отырып, валюталық бақылау агентінің қызметтерін жүзеге асырады, оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Банк мәміле паспортын ресімдеу, келісімшарт бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтамалар беру бойынша ақылы қызмет көрсетеді, сонымен қатар валюталық бақылау мәселелері бойынша ақысыз кеңес береді, алдын ала клиенттің өтініші бойынша шарттар мен оның қосымша келісімдерін тексереді. Конверсиялық операциялар Банк оңтайлы мерзімдерде мынадай операцияларды жүргізеді: қолма-қол жасалмайтын шетелдік валютаны сатып алу/сату. Клиенттерге Банкпен алдын ала келісілгеннен кейін, тиімді бағам бойынша көп көлемде конверсиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беріледі.
Қосымша қызметтер клиентке қызмет көрсетуді жылдамдатуға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. |
Заңды тұлғаларға |