Пәкістанның Ұлттық Банкіне қош келдіңіздер!
ПҰБ - 12 миллиард АҚШ долларынан асатын активтері бар Пәкістандағы ең ірі коммерциялық банк болып табылады.

Жеке тұлғаларға / Ақша аударымдары


S.W.I.F.T. ЖҮЙЕСІНДЕГІ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНДАҒЫ АҚША АУДАРЫМДАРЫ
Қазақстандағы «Пәкістанның Ұлттық Банкі» ЕБ АҚ банк-корреспондент желісін пайдалана отырып бүкіл әлем бойынша АҚШ (USD) доллары, еуро(EUR) және ресейлік рубль (RUВ) валютасындағы аударымдарды іске асырады. Ақша аударымдары халықаралық S.W.I.F.T жүйесі арқылы іске асырылады.
Бүгінгі күні SWIFT жүйесі - орналасқан мемлекетіне байланыссыз банктер арасында есеп жүргізудің ең ынғайлы, сенімді және қауіпсіз жүйесі болып табылады. Бұл жүйе әлемнің кез келген нүктесіне ақшаны 2-5 күн ішінде жеткізуге мүмкіндік береді.
Аударымды басқа банкке жіберу үшін сізге:

  • Қазақстандағы «Пәкістанның Ұлттық Банкі» ЕБ АҚ-да банктің кез келген
    бөлімшесіне
    хабарласу арқылы ағымдағы шот ашу қажет. Жеке жағдайларда аударымды шот ашпай жіберуге болады.
  • Ақша алушының деректемелерін білу (Бенефициардікі):
    • Аты –жөні, ақша алушының шот нөмірі немесе шот жоқ болса, Бенефициардың паспорттық
      мәліметтері (паспорт мәліметіне аударымдар барлық банктермен қабылдана бермейді);
    • Бенифициардың банк атауы, қаласы және орналасқан мемлекеті,Бенефициар банкінің S.W.I.F.T.-коды
      немесе Бенефициар банкінің жеке коды.
  • Тұлғаны растайтын құжат пен СТН-ды ұсыну.
  • Аударымға өтініш толтыру және Банктің фронт-кеңсе қызметкеріне тапсыру.
  • Аударым комиссиясы есебімен шотқа қажетті соманы салу.


WESTERN UNION АҚША АУДАРЫМДАРЫ- дүниежүзі бойынша ақша аударудың тез әрі сенімді әдісі.

Western Union аударымдары жедел болып табылады. Жіберілген аударымды кез келген мемлекетте Western Union жүйесі клиенттеріне қызмет жасайтын бөлімшелерден не бәрі бірнеше минуттан кейін-ақ алуға болады. Бұдан өзге, бүгінде Қазақстан аумағында да аударымдар жасауға болады.

Western Union ақша аударымдары АҚШ долларында жүзеге асады

Western Union жүйесінің басқа аударым жүйелерінен артықшылығы:

  • Дүниежүзі және Қазақстан Республикасы бойынша кең қызмет көрсету желісі;
  • Жіберушіге және алушыға банктік шот ашу қажет емес;
  • Жылдамдық, сенімділік, рәсімдеудің қолайлығы мен қарапайымдылығы;
  • Аударымды қосымша хатпен және хабарламамен қоса жіберу мүмкіндігі.

Қауіпсіздіктің бірегей жүйесі Сіздің ақшаңыздың жылдам және нақты алушыға жетуін қамтамасыз етеді.

Аударымды жіберген кезде ақша жіберушіге келесілер қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе паспорт көрсету;
  • СТН құжатын көрсету -Салық Төлеушінің Тіркеу Нөмірі;
  • Ақша аударымын алушының аты мен тегін білу;
  • «Ақшаны жіберу» үлгісін толтыру және қол қою;
  • Сәйкес соманы енгізу.

Ақша аударымын алу үшін алушыға қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе паспортты көрсету;
  • СТН құжатын көрсету -Салық Төлеушінің Тіркеу Нөмірі;
  • Жіберушінің аты мен тегін, түсетін ақшасын, ақша жіберушінің қаласы мен елін білу;
  • «Ақшаны алу» үлгісін толтыру және қол қою.

Қосымша қызметтер:

  • Телефон арқылы хабарлау;
  • Хабарлама ( 20 сөзге дейін)

«ЛИДЕР халықаралық ақша аударымдары» ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

«ЛИДЕР халықаралық ақша аударымдары» төлем жүйесі – 2003 жылдан бастап жұмыс істеп, қарқынды дамып келе жатқан Ресейлік жүйе. Төлем жүйесі жеке тұлғаларға шот ашпай-ақ ақша аударымдарын жүзеге асырады және Ресей және ТМД елдері тұрғындарына қызмет көрсететін түрлі провайдерлердің мекенжайына төлем қабылдайды. ЛИДЕР төлем жүйесі -Ресей бойынша, ТМД елдері арасында және алыс шетелдерге аударымдарды рәсімдейтін халықаралық төлем жүйесі.

«ЛИДЕР халықаралық ақша аударымдары» төлем жүйесі - ақша аударымдарының алдыңғы қатарлы ресейлік жүйелерінің бірі болып табылады. ЛИДЕР төлем жүйесінің ұйымдастырушысы «ЛИДЕР» КЕҰ ЖАҚ (Мәскеу, Ресей), РФ ОБ Лицензиясы №3304-К.

Жүйе аумағы әлемнің 132 елін қамтиды. Онымен Ресейде және одан тыс жерлерде 500-ден астам іскерлік серіктестіктер жұмыс істейді (банктер, қаржы компаниялары, ұялы байланыс операторлары, сақтандыру және туристік компаниялар, бюджеттік ұйымдар және т.б.).

«ЛИДЕР» құрылғаннан бастап клиенттерімізге ең тиімді және бәсекеге қабілетті шарттар мен тарифтерді ұсынып отырмыз.
Ақша алынатын елге байланысты «ЛИДЕР» ақша аударымдары келесі үш валютаның біреуімен жүзеге асырылады: РФ рублі, АҚШ доллары және ЕУРО.

«ЛИДЕР халықаралықақшааударымдары» төлем жүйесінің бөлімшелері орналасқан елдердің және мекенжайларының тізімі